Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар салынады
Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапханалар салынады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір Ұлттық кітап күнін бекіту мәселесі де талқыланып жатыр. Елордадағы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты науқанға қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Ол бір топ сенатормен акцияға үлесін қосып, Астанадағы бірқатар оқу залының қызметімен танысты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев кітапханашылардың мәртебесі мен беделін арттыру мәселесіне тоқталды. Бұдан бөлек, Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметін бағалады. Онда шығармашылық кездесу өткізетін зал, коворкинг орталығы, өлкетану секторы мен кітап оқуға жетелейтін бастамалар қарастырылған.