Қазақстан ЕО елдерімен ғылыми байланысты нығайтады

Қазақстан ғылым қорының ғалымдары Еуроодақтың "Horizon Europe" (Хорайзн Юрәп) бағдарламасы аясында ұлттық үйлестірушілер кездесуіне қатысып жатыр.

Маңызды жиын Брюссельде өтуде. Бағдарлама біздің мамандарға бизнес және өнеркәсіп салалары бойынша халықаралық ғылыми-технологиялық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары ғалымдарымыз ЕуроОдақ өкілдерімен бірге түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Енді сирек металдар, жасыл энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында әріптестік орнатпақ. Кездесу аясында Қазақстан делегациясы Грекиямен ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру, ЕуроОдақпен байланысты нығайту бойынша өзара серіктестікті кеңейтуге келісті. 

Әлия Сембаева, "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұл іс-шарада бізге реттеу ісіне жаңа өзгеріс енгізілетіні айтылды. Бүгін зияткерлік меншік, ынтымақтастықтың жаңа платформалары бойынша воркшоптар ұйымдастырылды. Сонымен қатар жаһандық ауқымда ғылыми жобалардың, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру жобаларының сапасын арттыру бойынша халықаралық ынтымақтастық тетіктері талқыланды. 

Константинос Вевекис, Еуропалық патенттік заңгер:

- Технология трансфертінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау өте маңызды. Бұл жаңа дүниені ойлап табу арқылы сол өнертабысты қорғауға және ақшалай пайда табуға болатынын білдіреді. Яғни мемлекеттер зияткерлік меншік саласын өркендете отырып, өнертабыстарын қорғай алады және оларды сатып пайда таба алады.