Отандасымыз конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Отандасымыз Виталий Щиголев Жапонияда өтіп жатқан конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды 24kz.

Ол ерлер арасындағы масс-стартта мәреге бірінші болып жетті. Ұлттық құрама спортшысы соңғы секундтарда екі канадалық Давид ла Рун мен Хейден Майерден озып кетті. Бұл – Қазақстан құрамасының Жапониядағы сайыстағы үшінші жүлдесі.

Еске сала кетейік, Виталий 2022 жылы Канаданың Квебек қаласында өткен 4 құрлық чемпионатында 5 мың метрге жүгірісте жеңіске жеткен.