Агроөнеркәсіп кешені білім беру орындарының серіктесіне айналғаны жөн
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы мектеп асханаларындағы тамақтың сапасына қатысты өз ойын білдірді.
Президент санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуына жол берілмеу керектігін айтып, балаларды тамақтандырудың халықаралық стандарттарына ұмтылғанымыз дұрыс деді. Бұл бағытта агроөнеркәсіп кешенімен серіктестікті арттыруды тапсырды.
ЦИТАТА
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Балаларды тамақтандырудың халықаралық стандарттарына ұмтылғанымыз дұрыс. Асханадағы тағамдар өсіп келе жатқан ағзаны барлық қажетті дәруменмен қамтамасыз етуі керек. Бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді. Құзырлы мекемелер мектеп асханаларындағы азық-түліктің сапасын көтеру мәселесімен мұқият айналысуы қажет. Мектептерде дұрыс тамақтандыру мәдениетін қалыптастыру үшін агроөнеркәсіп кешені білім беру орындарының серіктесіне айналғаны жөн.