Израиль Ливан астанасына зымыран атқылады

Израиль Ливан астанасы Бейрутқа да зымыран атқылады. Қаланың орталығындағы Мар Ілияс көшесі бомбаланып, 2 адам көз жұмды. Тағы 9-ы жараланған. Бұл туралы араб елінің денсаулық министрлігіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі жазды.

Бұдан бөлек, Израиль әуе соққысымен осы Бейрутта «Хезболла» қозғалысының медиа коммуникация басшысы Мұхаммед Афифтің көзін жойды. Ол ұзақ уақыт бойы бұрынғы бас хатшы Хасан Насралланың кеңесшісі болған. Ресми Тель-Авив әзірге түсініктеме берген жоқ.