Астанада мектеп психологтарының саны екі есе артты
Астана мектептерінде психолог саны 2 есе артты.
Осылайша әр маманға артылатын жүктеме азайып, оқушылармен етене жұмыс істеуге мүмкіндік туды.
Сондай-ақ балаларды психологиялық қолдау мақсатында биылғы оқу жылынан бастап жаңа орталық құрылды.
Елордада 190 мектеп бар. Онда барлығы 286 мыңнан астам бала білім алады. Оларды оқытумен қатар тәрбиелеу маңызды. Бұл тұста психологтардың қызметін ерекше атаған жөн. Жаңа оқу жылынан мектептердегі бастап психологтардың саны екі есеге артты. Мәселен, откен оқу маусымында 228 психолог қызмет етсе, биылдан бастап тағы 200 маманмен толықты. Сондай-ақ, жаңа орталық та өз жұмысын бастады.
Құттымұрат Шәмшиев, Астана қаласы білім басқармасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы:
- Астана қаласы әкімдігінің жанынан психологиялық қолдау орталығы ашылды. Онда 50 бірлік мамандар ба, 50 бірлік маман оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бағытында жұмыстар атқарып жатыр.
Мектептерде 6 мың бейнебақылау бар
Мектептердегі қауіпсіздік те назардан тыс қалмайды. Мәселен, мемлекеттік оқу орындары 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылған. Ондағы камералар жедел басқару орталығына қосылған.
Астана қаласы ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы:
- Астана қаласы бойынша мемелекеттік мектептердің саны 109 пайыз. Жекеменшік мектептердің саны 74. Мемлекеттік мектептердің ішінде барлығы жедел басқару орталығына толықтай қосылған бейнебақылауға. Оның саны 6524 бейнебақылау орналастырған. Ал жекеменшік мектептерде 50 бейнебақылау орталық жедел бақылауға қосылған.
Сондай-ақ мектеп инспекторы мен қатар бірнеше полиция қызметкерлері оқу орындарындағы тәртіп пен тыныштықты күзетеді.
Шернияз Жалғасбекұлы, Ержан Рахманбердиев