Таразда жайлы мектеп ашылды

Таразда «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір білім ұясы пайдалануға берілді.

1200 оқушыға арналған жаңа ғимарат Ұлы дала шағын ауданында ашылды. Осылайша бұл облыс бойынша ұлттық жоба аясында қолданысқа берілген үшінші мектеп.

Ұлы дала шағын ауданында бір ғана мемлекеттік мектеп болатын. Енді жаңадан ашылған білім ұясы орын тапшылығын толық шешті. 6 млрд-тан астам теңгеге салынған мектепте 59 сынып, 2 спорт залы, лингафон кабинеттері, зертханалар мен шеберханалар бар.

Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі:

- Жоба аясында облыс бойынша 12 мектеп салу жоспарланған. Бұл жоба білім беру саласының өзекті мәселелері оқушы орнының тапшылығын жоюға 3 ауысымды оқытуды және апатты мектептерді болдырмауға бағытталған.

Мектепке 500-ге жуық оқушы қабылданды. Мұнда біліммен қоса баланың шығармашылығын шыңдауға басымдық беріледі. Домбыра, қобыз, қылқобыз бен баян сынды аспаптарды игеруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар би залы бар. Қазір «Балауса» би ансамблі құрылған.

Раушан Қожамжарова, қалалық білім бөлімінің басшысы:

- 10 коворкинг орталығы алаңы ашылды. Ол каворкинг орталығында біздің оқушыларымыз өзінің шығармашылық жұмыстарымен айналысатын болады. 5 үйірме ашылып жатыр. Оның негізі бізде үлкен 256 орындық мәжіліс залы бар.

Алмаш Кеңесқызы, ата-ана:

- Балалардың жағдайын бүкіл халықтың жағдайын жасап жатқан президентімізге Скл осы құрылыс компанияларына алғысымыз шексіз. Ұстаздарға да оқушыларға да барлық жағдай жасалынған.

Жалпы биыл облыста 36 мектептің құрылысы басталып, 10-ы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 5 ағарту ошағы ашылады. Ал келер жылы өңірде 26 жаңа мектеп салу жоспарланған.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев