Қарағандыда «XXI ғасыр көшбасшысы» сайысының облыстық іріктеу кезеңі өтті
Қарағандыда «XXI ғасыр көшбасшысы» білім сайысының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Бұған 150 бала қатысты. Оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» Агенттігі" АҚ бірлесіп ұйымдастырған, білім жарысына өңір бойынша барлығы 700-ден астам бала қатысқан. Соның ішінен 150 оқушы облыстық кезеңде бағын сынап, бесеуі республикалық сайысқа жолдама алды.
«XXI ғасыр көшбасшысы» білім сайысының облыстық кезеңіне қатысушылар таңнан жиналды. Олар өңірге қарасты аудан, қалалардың үмітін арқалап келген оқу озаттары. Республикалық кезеңге жолдамаға қол жеткізу үшін енді бір қадам қалды. Оқушылар түгілі ұстаздардың көңілінде қобалжу бар.
Бақытгүл Молдахметқызы, Бұқар жырау ауданы Керней ауылы орта мектебінің мұғалімі:
- Әрине қобалжисың, үш бірдей оқушы қатыстырып отырмын. Негізі жақсы, талантты оқушылар. Сол биіктен көрінеді деген ойдамын.
Қатысушылар тест тапсырды. Тест парақтары салынған конверт оқушылардың көзінше ашылды. Онда барлық пәндер бойынша 60 сұрақ қамтылған. Білім сайысына теміртаулық Лунара Шынарова да бағын сынауға келіпті. Ол «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейінде оқиды.
Лунара Шынарова, Теміртау қаласы "Озат" мектеп-лицейінің оқушысы:
- Осындай мүмкіндік жылына бір рет болады. Бітіруші сынып болғандықтан неге алматыға барып өзімнің бағымды сынамасқа деп ойладым. Таңдау пәндеріміз бойынша көптеген сұрақтар келді. Қатты қиын болды деп есептемемймін. Себебі ҰБТ-ға дайындалған сұрақтар да қатар болды.
«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысының мектеп, аудан, қала деңгейіндегі кезеңдеріне барлығы 700-ден астам оқушы қатысқан. Соның ішінен іріктелген 150 оушы обылстық кезеңде тест тапсырды. Үздік шыққан 5 қатысушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Нұркен Ашықбаев, "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы
- Облыстық деңгейден өткен балаларға біз өзіміз қосымша дайындық жүргіземіз. Ол тұрғыда енді біз өзіміздің серіктес ұйымдармен, жоғарғы оқу орындарының ұстаздарымен бірлесе отырып балаларды дайындаймыз. Бұл енді бізде тәжірибеде бар.
Бұл мектеп бітіруші түлектердің білімін тағы бір мәрте сынап көруге үлкен мүмкіндік беретін білім жарысы. Жүзден жүйрік шыққандар «Хабар» агентігінің төл туындысы «XXI ғасыр көшбасшысы" жобасына қатысуға мүмкіндік алады.
Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар