Алматыда жас ғалымдардың конгресі өтті

Еліміздегі ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орта жасы 57-де.

Ал 15 пайызы зейнеткер. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Жас сәтбаевшылардың» бірінші конгресінде айтылды. Экономиканы дамыту үшін ғылымға тың жобалары бар жастарды тартқан жөн. Бұл бастаманы іске асыру үшін Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жанынан «Жас ғалымдар» кеңесі құрылған. Оған 25 маман мүше. Олар отандық ғылымды дамытуға, заман талабына сай салаларды жетілдіруге қажетті ұсыныс жасайды. Алғашқы конгреске ғылыми жобалары іріктеуден өткен 100-ден астам жас ғалым қатысып, ұсыныстарын ортаға салды. Солардың бірі өзге елде жұмыс істейтін қазақ қыз-жігіттерінің әлеуетін пайдалану. 

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Шетте жүрген біздің қазақтың жас ғалымдарын алып келіп, бірге жұмыс істеуіміз керек. Олар біздің жас ғалымдарды, доктаранттарды дайындауға бірге үлес қосу керек. Осының бәрі кейін мына әлемдік білімі бар жас ғалымдарды осы біздің ішкі өзіміздің ғалымдарымызға қолжетімді болу керек.