«Болашақ» арқылы бакалавр деңгейінде білім алуға рұқсат берілуі мүмкін

Бұдан былай «Болашақ» бағдарламасы арқылы бакалавр деңгейінде білім алуға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Бұл мүмкіндікті халықаралық олимпиадаларда және ғылым сайыстарында жеңімпаз атанған дарынды жастар пайдалана алады. «Болашақ» бағдарламасының дәстүрлі талаптарына сай жылына 20-25 жас іріктеледі. Құжатта сондай-ақ қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құру көзделіп отыр. Мемлекеттік тілдегі мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау мақсатында жасанды нейрондық желілер технологиясына негізделген үлкен тілдік модель жасау ұсынылды. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов таныстырған заң жобасы мақұлданып, Сенат қарауына жолданды.