Елордалық бес мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Елордалық №32 мектеп-гимназиясында инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Жобаны «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы Астана әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырды.

Енді мектептегі ерекше қолдауды қажет ететін оқушылармен арнайы мамандар жұмыс істеп, қажетті құралдармен жаттықтырады. Толығырақ тілші тарқатады.

Астанадағы №32 мектеп-гимназиясында 3968 оқушы болса, соның 30-дан астамы инклюзивті қолдауды қажет етеді. Білім ордасында осындай балалар үшін арнайы кабинеттердің ашылуы, ең алдымен, ата-аналар үшін қуанышты жағдай болды. 

Инклюзия кабинетінде психолог, дефектолог, екі логопед және 9 педагог-ассистент жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, оқушыларға қажет арнайы құрылғылар орналастырылды.

Гүлшат Байтас, Астана қ. №32 мектеп-гимназиясының директоры:

- Бірінші кабинеттің өзі бізде үш бөлімнен тұрады. Психология, логопедия және дефектология бөлімдері. Екінші балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында емдік-дене шынықтыру кабинеті. 02:56 Әрбір кабинеттің ішінде массаж жасайтын кресло бар, ерекше айна бар, құрастыратын ойындар. Олардың барлығы баланың даму бағдарламасына, балалардың қолдарының мотрикасының дамуына үлкен үлесі бар.

Айта кетейік, Самұрық қазына қорының қолдауымен елордада алғаш рет осындай инклюзия кабинеттері 2023 жылғы қыркүйекте 5 мектепте ашылған еді. Ал осы желтоқсан айында тағы да 5 мектепте пайда болды. Жалпы елордада 21 107 ерекше бала бар. Олардың ішінде мектеп жасындағы балалардың, шамамен, 16 пайызы осы Астанадағы инклюзия кабинеттеріне барып жүр.

Авторлары: Мөлдір Молдағали, Артур Горшняков