2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті
Елде келесі оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемеліктері сараптамадан өтті, деп хабарлайды 24kz.
Сараптамада барлығы 278 оқу құралы қаралып, оның 266-сы мақұлданған. Бұл істі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы жүргізген. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Брайль шрифтімен және жазуы үлкейтілген оқулықтар әзірленді. 4-сыныптарға арналған цифрлық сауаттылық, орыс тілі, шет тілдері, бейнелеу өнері, еңбекке баулу және жаратылыстану пәндерінің оқулығы бекітілді.