Жетісудағы колледждерде 14 жаңа мамандық түрі ашылады

Жетісу облысында 11 колледжде 14 жаңа мамандық түрі ашылады. Бұл бастама «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында қолға алынды. Білімгерлерді тың кәсіпке баулу үшін өңірде «Жаңа мамандықтар атласы» жасалды. Сараптама нәтижесінде әзірленген бағдарламаға алдағы 5 жылда сұранысқа ие мамандықтар енгізілген. Негізгі басымдық ауыл шаруашылығы, ІТ, өнеркәсіп, энергетика және туризм салаларына беріліп отыр.

Аймақтағы 27 колледжде 13 мың 900-ден аса студент оқиды. Олардың басым бөлігі мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін білім алып жүр.  

Марат Сүлейменов, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Жалпы әлеуметтік қамту студенттеріміздің 89,3%-ті құраса, оның ішінде нақты жұмыспен қамту көрсеткіші 65%-ке көтерілді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында осы көрсеткішті 80%-ке дейін көтеруді жоспарлап отырмыз.