Ақтауда «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі аяқталды

Қазылар алқасы бес жеңімпазды анықтады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – Маңғыстау облысының қалалық және ауылдық мектептерінің оқушылары. Олар 65 қатысушының ішінен ең жоғары балл жинады. Осы іріктеуден сүрінбей өткендер, байқаудың республикалық кезеңінде өңір намысын қорғайды. Республикалық кезең осы жылдың наурыз айында Алматыда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеудің бірінші кезеңінде облыстың мыңнан астам оқушысы зияткерлік ойынға қатысуға өтінім берген. Зияткерлік ойын Оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» Агенттігінің бірлескен жобасы.

Дастан Құспанов, Ақтау қаласы, Т.Әшімбаев атындағы №11 лицей 11-сынып оқушысы:

- Бізге тест тапсырмасы бойынша 60 сұрақ келді. Әр сұрақ әртүрлі тақырыпты қамтиды. Бұл сұрақтар мен үшін өте қызықты болды. Өйткені бұрын соңды көремеген, логиканың жұмыс істеуін қажет ететін сұрақтар.  Енді байқаудың негізгі бөлімін аяқтап, сәтті нәтижелерді күтудемін. Өзге қалаларда «XXI ғасыр көшбасшысы» атанайын деп жатқан өзімнің замандастарыма сәттілік тілеп, ертең республикалық кезеңде жолдасуымызға тілекшімін.

Ескендір Кумбаев, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат директоры:

- Бұл енді өте жақсы жоба. Бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан жоба. Өзінің өміршеңдігін көрсетті. Халықтың тарапынан, оның ішінде оқушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Ата-аналар да қолдайды. ауыл балаларына үлкен мүмкіндік береді. Енді шыны керек, ауыл мен қала мектебі теңескен жоқ қой әлі. Бірақ теңестіріп жатыр Үкімет жайлы мектер салып.