Бірқатар өңірде жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің біраз бөлігінде жолдар жабылды.

Атап айтсақ, қазір Нұр-сұлтан қаласынан шығатын жолдардың барлығына дерлік  шектеу қойылды.

Ақмола, Қарағанды және Павлодар облысында да осыған ұқсас жағдай орын алды. Әсіресе «Нұр-Сұлтан-Ерейментау Шідерті», «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр Киевка-Теміртау» сияқты бағыттарға көліктер жіберілмейді. Облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда да қозғалысқа тыйым салынған. Анық-қанығын «Қазавтожол» компаниясының ресми сайтынан не байланыс орталығынан білуге болады.

Сондай-ақ...