Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауыннан кейін көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Дәл осындай жағдай Ақмола облысында да байқалады. Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарын тұман басады. Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел болады. Осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары аталған аймақтарға дауылды ескерту жариялады.