Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін елдің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жауын жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысында бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінің кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Сондықтан бұл аймақтарда өрт қаупі жоғары. Қызылорда облысында құмды дауыл тұруы мүмкін.

Сондай-ақ...