Ақмола полицейлері облыс тұрғындарын жолда абай болуға шақырады

Полиция қызметкерлері жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуын ескертеді.

Температураның төмендеуіне байланысты жол бетіне мұз қатуы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығы, әсіресе, түнгі мезгілде көлік жүргізуге қауіпті.  

Айта кету керек, тұман, көктайғақ көлік құралын басқаруды қиындатады, нәтижесінде жолдағы апаттың жиілеуіне себеп болады. Сондықтан облыс полицейлері, жолға себілген сырғанауға қарсы материалдарға үміттенбеуді өтінеді. Көктайғақ кезінде жаңадан жауған қар да қауіпті екенін ескертеді. Жүргізушілерге жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға ерекше назар аудару қажеттігін баса айтады. Сол сияқты жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болуды және өз кезегінде жаяу жүргіншілер де жол қозғалысы ережелерін сақтауды, белгіленген орындарда жүріс бөлігін кесіп өтуі, бөгде істерге, яғни ұялы телефон арқылы сөйлесуге алаңдамауы, жақындап келе жатқан көлік құралының алдында жолдан өтпеуі тиіс екеніне назар аудартады.