Фискалды түбіртектің заңдылығын қалай тексеруге болады

Фискалды түбіртектің заңдылығын қалай тексеруге болады
exellio

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған түбіртектерді жасауға болатыны туралы алыпқашпа хабарламалар таратылып жүр.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмгіндігін бар екендігін хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Бақылау-касса машиналарының модельдері мемлекеттік тізілімге енгізіледі және олардың деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар», – делінген мәліметте.

Өз кезегінде Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының түбіртегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады. Қазіргі таңда https://consumer.oofd.kz/ сілтемесі бойынша фискалдық деректер операторларының, https://kgd.gov.kz/ru/services/kkm_check сілтемесі бойынша ҚР ҚМ МКК ресми сайтында және https://egov.kz/wps/portal/paymentSearch сілтемесі бойынша «электрондық үкімет» порталында берілген бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмгіндігін бар.