D дәруменінің тапшылығы жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады

D дәруменінің тапшылығы жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады

D дәрумені жүрек-тамыр ауруларының даму ықтималдығына әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы «Хабар 24» Оңтүстік Австралияның Денсаулық сақтау және медициналық институтының зерттеуіне сүйеніп хабарлайды.

Зерттеу D витаминінің жетіспеушілігі қан қысымын жоғарылатып, жүрек-тамыр аурулары қаупін арттыратынын дәлелдеген. 

D дәрумені - бұл сүйектер, тістер мен бұлшықеттердің беріктігін және олардың толық саулығын сақтау үшін қолданылатын химиялық зат. Дене оны күн сәулесінен де алады. Жаздан басқа мезгілдерде деңгейді сақтау қиын болады, сондықтан витаминінің жетіспеушілігі бірқатар проблемаларды тудыруы мүмкін.

Балаларда бұл рахит сияқты сүйек деформациясын, ал ересектерде остеомаляция деп аталатын сүйек ауруын тудырады.

Біз бұған дейін D дәруменіне бай тағамдар және D дәрумені жетіспейтінін қалай білуге болатындығы жайында жазған болатынбыз.