Демалыс күндері елімізде ауа райы жауын-шашынды болады

Қазгидромет 12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік-Батыс циклон еліміздің аумағы арқылы өз қозғалысын жалғастырады. Батыстан шығысқа қарай тез жылжып, республиканың барлық облыстарында жауын-шашынды тудырады. Ауа температурасы көтеріле бастаса да, екпінді жел орын алып, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.