Нұр-Сұлтан маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтады

Нұр-Сұлтан маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтады

Елорда маңындағы елді мекендерге баратын барлық жолаушылар автобусының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, жолдың нашар көрінуі) қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы тоқтатылды», - делінген хабарламада.