Қоғамдық орындағы балағат сөз үшін айыппұл туралы заң күшіне енді
Қоғамдық орында былапыт сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды.
Бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Заң аясында тәртіп бұзғандар айыппұл төлейді немесе 5-тен 30 тәулікке дейін қамауға алынады. Естеріңізде болса, 3 қаңтарда Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған.