4 өңірде жолдар жабылды
Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы жолдар жабылды.
Көліктер қозғалысына уақытша шектеу 15 учаскеде қойылған. Қазір аталған аумақтарда тас жолдарды күтіп ұстау қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Оған 400 бірлік арнайы техника мен 520 жол жұмысшы тартылды.