Оралдықтар мамыр айынан бастап көршілес Ресейдің Саратов облысына пойызбен қатынай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған дейін ол жаққа баратын жолаушылар орта жолда басқа пойызға отыруға мәжбүр болатын. Осылайша 6 сағат жолға кететін. Такси қымбат, автобустар ұзақ жүреді. Сондықтан 2 жылдай қатынасы үзіліп қалаған «Алматы-Саратов» пойызы мамыр айында сапарға шығады. Жол уақыты біршама қысқарады. Жуырда жаңа бағыт бойынша билеттер сатылымға шығады.
Айта кеткен жөн, өңір Ресейдің 5 бірдей облысымен шектесіп жатыр.
Павел Федорченко, қала тұрғыны:
- Саратовта тұратын туыстарымыз көп. Бұған дейін ол жаққа бару үшін пойыздан пойызға отырып әрең жететінбіз. Енді біршама уақыт үнемдейтін болдық. Қымбат таксилерге қарағанда артық тұстары көп деп ойлаймын.
