Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Солтүстік және орталық өңірлерде қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның үстіне жылдамдығы секундына 22 метр болатын екпінді жел тұрады. Кей аудандарда мұндай ауа райы қатты боранға ұласады. Батыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады, жер көктайғаққа айналады. Шығыс Қазақстанда да жағдай осындай. Ал оңтүстік аймақтарда жел тұрады, Қызылорда облысында тіпті шаңды дауыл болады деген болжам бар.