Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға таяды
Көлік салығын төртінші сәуірге дейін төлеп үлгіріңіз.
Әйтпесе сот орындаушылары тарапынан мәжбірлеу шаралары қолданылады. Атап айтқанда борышкерлердің мүлкі мен банк шоттары бұғатталып, елден шығуға шектеу қойылады. Қазір елде ресми тіркелген 4 миллионнан астам көлік бар. Жүргізушілердің көлік үшін төлеуі тиіс салығы 14 миллиард теңгеге жуықтаған. Әсіресе елорда мен алматылық темір тұлпар иелерінің мемлекет алдындағы берешегі бір жарым миллиард теңгеден асады.
Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:
- Биылғы жылы 1 сәуір сенбі күніне сәйкес келгендіктен, ол 3 сәуірге ауыстырылады, яғни азаматтардың 3 сәуірге дейін уақыты бар салық төлеуге. Қазіргі уақытта ел азаматтары үшін салық төлеудің барынша оңтайландырылған әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы азамат егер банкке баруға, үйден шығуға немесе жұмыстан шығуға уақыты болмаса, онда ол мобильді қосымшалар арқылы қазіргі уақытта МКК-нің «Е-салық азамат» деген қосымшасы бар. Сол арқылы немесе банктердің kaspi, Homebank, Halyk Bank мобильді қосымшалары арқылы төлей алады.