«Қорғас» орталығы жұмысын қайта бастайды

baribar.kz

Сәуірдің 24-інен бастап «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қайта ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, 3 жыл бұрын эпидахуалдың күрделенуіне байланысты тоқтатылған сауда-саттық қайта жанданады. Соған сәйкес базаршы қауымға мынандай талап қойылып отыр. Енді әрбір отандасымыз айына 1 рет шекаралы аймаққа барып, кеден салығынсыз зат сатып ала алады. Оның салмағы 31 келіден аспауы тиіс. Ал велосипед сияқты бөлінбейтін жүк болса, 36 килограмға дейін өткізе алады. Алайда оның артылған әрбір келісіне 4 еуроға дейін қосымша құн төлейді. 1 айда бірнеше рет қатынайтындар тауар құнының 30%-ін төлеуі тиіс.