Мемлекеттік рәміздер күніне орай телемарафон өтеді

Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай телемарафон өтеді.

Бұл жайлы Астана әкімдігінің ресми сайты жариялады. «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» деп аталатын телемарафон 4 маусымда қала әкімдігінің YouTube-каналында өтеді. Бағдарламалық іс-шаралар мереке күні сағат күндізгі 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады. Онда ақпараттық роликтер, мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбаттар және патриоттық іс-шаралар көрсетіледі. Бұл шара жастардың патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылық және идеялармен таныстыру үшін жасалмақ.