Еліміздің үш облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.
Қазгидромет синоптиктері осылай болжап отыр. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында күн ыстық болады. Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы. Солтүстік-батыста, солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады. Екпінді жел тұрып қатты жаңбыр жауады. Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді.