Адам күнделікті неше қадам жасауы керек?

Ерте өлім қаупін азайту үшін күніне кемі 4 мың қадам жаяу жүру керек.

Ал жүрек ауруларына шалдығу қаупінен құтылғысы келетін азамат тәулігіне 2 мың қадам жүріп өтуі керек. Арнайы зерттеу жұмысын өткізген бір топ маман жуырда осындай шешімге келді. Ғалымдардың айтуынша, бүгінге дейін жаяу жүрудің пайдасы талай рет айтылып келгенімен нақты қанша қадам жүру керегі белгісіз болған. Десе де, мамандар оның тигізер пайдасы адамның жасы мен жынысына, олардың қандай климат пен ортада өмір сүретініне байланысты емес екенін айтады.