Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады
Қазгидрометтің мәліметінше, батыс пен солтүстік аймақтарда ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.
Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды және Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Астанада жауын-шашынсыз болады, тек көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-шығыстың таулы аумақтарында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Жалпы республика бойынша түнге жақын жел соғып, тұман түседі.