Бүгін елімізде күн райы тұрақсыз болады

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе және Павлодар облыстарында күн жауын-шашынды болады.

Ал Астанада қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің басым бөлігін тұман басады.  

Лаура Қанат, "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі:

- Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын, жаңбыр қар түрінде жауады. Жел күшейіп көктайғақ болжанады. Және республика бойынша тұман болжанады.