Сағат ауысуы туралы қоғам пікірі қандай?
Қазақстанның шығысы мен батысы арасында күннің атуы 2 сағат 9 минут құрайды.
1956 жылы 4 сағаттық белдеуді екіге біріктіруге де осы негіз болған шығар. Келер жылдың көктемінен бастап Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды. Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысында болған мәселеге Сауда және интеграция министрлігі нүкте қойды. Тиісті түзетулердің жобасы дайындалды.
Уақыт белдеуінің ауысуына қатысты қоғам пікірі әртүрлі. Дені «бұл ғылыми дәлелденген дұрыс шешім», - деп есептейді.
БЛИЦ:
- Дұрыс деп ойлаймын теңескен. Батыспен де бізбен. Ғалымдар да айтып жатыр ғой, оның адамға тигізетін пайдалы әсерлері бар. Үкімет не шешсе де оны зертеп, барып шешеді ғой.
- Бірдей болған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені жұмыста адамдар кешікпейді. Иә, мен соны қолдаймын.
Енді 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша еліміздің барлық аймағы 5-сағаттық белдеуде көшеді. Сала маманы бұл биоритмге кері әсері болмайды деп түсіндірді.
Болат Нұрқожаев, қолданбалы хронобиология маманы:
- Адамдарға әсері күннің қақ ортасында тұруы яғни кульминациясы біздің әлеуметтік сағатымызбен 12 сағатқа тең болса онда біздің ішкі биологиялық ритмдерімізбен табиғаттың уақыты сәйкестікте болады. Және біздің организміміздегі биоритмдер әр клетка өзіндік «clock» сағаттық. Солар бір-бірімен сәйкестікте болады. Яғни бұдан ешқандайда десинхронизация болмайды.
Соңғы жылдары әлемде биологиялық ритмнің бұзылуынан аса қауіпті рак, диабет, семіздік, жүрек-қан тамырлары жүйесі және де тағы басқа аурулар өршіді. Жалпы адамның тұрмыс тіршілігіне ғана емес, қоғамдық ахуалға да кері әсері бары ғылыми зерттеулермен делелденді. Осыған байланысты арнайы термин де пайда болды. Шетелге жиі сапарлайтын азаматтардар «social jetlag» дегенді көп айтады. Медицина бұны «сағаттық белдеулер ауысуы синдромы» деп атайды. Ал ел аумағында қысқы немесе жазғы уақытқа ауысу зиян дейді мамандар.
БЛИЦ:
- Өзім Оралдыкімін, бірдей болса жақсы болар еді. Тап өзіме келіп кетер пайдасы жоқ шығар, бірақ ыңғайлы сияқты бәрімізде бірдей белдеу.
- Мүмкін экономикалық жағынан қарасаң, сол жағынан бір өзгерістерге тап болуы мүмкін. Өзгеріс маған әсер етпейтін сияқты.
18 жылдан бері Қостанай, БҚО, Қызылорда облысы халқынан түскен шағымдардың жылдан жылға көбеюіне байланысты биыл арнайы жұмыс тобы құрылып, сағаттық белдеулер жөнінде, әлем ғылымындағы барлық дәлелдер, ғылыми зерттеуледі ескере отырып, уақытты ауыстырған дұрыс деген тұжырымға келді. Қазір тиісті түзетулер жобасы дайындалды. Енді келер жылдың көктемнен бастап барша қазақстандықтар бірдей уақытпен өмір сүреді.
Ғазиза Мұхамеджанова, Марат Диханбаев