Аязды күндер жалғасады
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде түнгі уақытта 20 градусқа дейін аяз сақталады.
Ал күндіз температура 2-10 градус шамасында болжанып отыр. Сондай-ақ алдағы үш тәулікте жауын-шашын мол түседі. Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, Павлодар, Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ұлжан Мажен, «Қазгидромет» РМК гидрологиялық болжамдар басқармасының жетекші инженері:
- Синоптикалық болжамға сәйкес, 15 наурызға дейін еліміздің басым аумағында жаңбыр мен қар түсінде жауын шашын, көктайғақ құбылыстары, тұман, желдің күшеюі жәнеде солтүстік орталық өңірлерде боран мен тұрақсыз ауа райы күтіледі.