23 наурызға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады.
Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады.