Ақтөбе әуежайы рейстерді қабылдап жатқан жоқ
Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңын су басып қалғандықтан рейстерді уақытша қабылдамайды.
Қазір 10-ға жуық арнайы техника судан тазартып жатыр. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, суды толық сорғызып болғаннан кейін әуежай жұмысы реттеледі. Әуежай аумағын су басқалы 10-нан астам рейс кешіктірілді.
Әлихан Камаладин , әуежайдың баспасөз қызметінің маманы:
- Қазіргі таңда 12 жергілікті рейс кешіктірілуде. Және екі халықаралық рейс кешіктірілуде.