Зерттеу: ұшақтың артқы жағы апат кезінде қауіпсіздеу болады
Ұшақтың алдына қарағанда арт жағында отырған жолаушылардың тірі қалу мүмкіндігі 40 пайызға жоғары.
Бұл туралы халықаралық "Популәр Механикс" ((Popular Mechanics)) журналы 20 әуе апатына зерттеу нәтижесінде айтылған. Сондай-ақ қанаттарына жақын орталық бөлікте отырған жолаушыларға да қауіп аздау. Өйткені бұл жерде өртену қаупі төмен. Апат кезінде шығатын жерге жақын жолаушыларға қауіпсіз жерге көшіру кезінде жеңілдеу болады. Белдікті тағу мен апат кезінде денені дұрыс ұстау да аман қалу мүмкіндігін молайтады.