Кейбір өңірлерде көлік қозғалысы шектелді
Елдің кей өңірлерінде қар түсіп, боран соғып тұр.
Күн райының құбылуына байланысты Ақмола мен Қостанай облыстарында және Жезқазған-Петропавл арасындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды. Әсіресе “Қостанай – Әулиекөл – Сұрған” және “Жақсы – Есіл – Бұзылық” елдімекендерінің тасжолдары уақытша жабылды. Шектеу ертең сағат таңғы 9-ға дейін енгізілді.