Қызылша дертін жұқтырғандар көбейіп барады. LIVE

Қазақстанда 17 мың адам қызылша жұқтырған.

Басым бөлігі балалар. Дертке шалдыққан жеткіншектердің 83 пайызы вакцина алмаған. Ал жансақтау бөлімінде 1 жасқа толмаған 15 бала жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, олардың жағдайы ауыр. Қарағанды облысында да жағдай мәз емес. Жыл басынан бері 400-ден астам тұрғыннан инфекция анықталған. Оның 85 пайызы екпе алмаған. Арасында нәрестелер де бар. Ауру әсіресе облыс орталығында өршіп тұр.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші