Павлодар облысында қызылша бойынша ахуал тұрақты
Павлодар облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Мамандардың айтуынша, республикалық көрсеткішпен салыстырғанда орташа деңгейде. Әйтсе де ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды дейді дәрігерлер. Өңірде қызылша ауруына қарсы вакциналау жүріп жатыр. Негізінен бүлдіршіндер мен медицина қызметкерлері екпе алады. Аймақта жыл басынан бері 80 бала қызылша жұқтырған. Олардың 90 проценті вакцина алмаған. Қазір облыстық балалар ауруханасында 32 бүлдіршін емделіп жатыр.
Дина Әубәкірова, инфекционист-дәрігер:
- Ауру орташа ағымда өтіп жатыр. Қазіргі таңда ауыр ағымда өткен науқас жоқ. Осы 11 ай ішінде 21 бала ауырса, осы бізде қараша айының ішінде 22 бала емделіп шығарылды. Ата-аналарға кеңесіміз уақытылы, дер кезінде екпе алу және де қандайда бір белгілері болатын болса медициналық көмекке жүгінді.
Мақпал Қаржаубай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Вакцинаның мөлшері жеткілікті. Бүгінгі таңда біздің қоймаларымызда 11 мың 200 дозасы бар. Сонымен қатар 2024 жылы қосымша 23 мың вакцина дозасы және Үкімет резервінен 18 мың 850 данасы алынады деп отырмыз.