МӘМС жүйесіндегі талап күшейтілді
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіндегі талапты күшейтті.
Енді осы саладағы ұйымдардың медициналық және фармацевтикалық қызметі, ион-даушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуі, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруы, санитариялық-эпидемиологиялық саладағы рұқсат құжатқа лицензияның болуы қатаң тексеріледі.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың стационарлық және стационарды алмастыратын жерде, төсек орнын бекіткені үшін, жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр.