«Аңсаған сәби» бағдарламасы: Атырау облысына 232 квота бөлінді
Атырау облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасымен бала сүйгісі келетін жандар үшін биыл 232 квота бөлінді.
Қазір әр емхана бедеулік бойынша есепте тұрған жандардың тізімін арнайы комиссияға ұсынып жатыр. Былтыр өңірге бөлінген квота толық игерілген. Қазір 53 ана сәби күтіп отыр. Ал 2022 жылы бөлінген 213 квотаның арқасында 65 бала дүниеге келді. Бүгінде өңірде 800-ден астам әйел бедеулік бойынша тіркеуде тұр. Репродуктолог маман бірнеше жыл сәби күтіп, уақыт жоғалтып алмау керегін айтады. Өйткені жас ұлғайған сайын әйелдердің бала сүю мүмкіндігі де төмендей береді. Сондықтан дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн.
Гүлнар Есқайырова, репродуктолог:
- Шаңырақ көтерген отбасылар бір жылдың ішінде бала көтере алмаған болса, ол отбасы 1 жылдан кейін емханаға келуі керек. Әрбір емханада бедеу жұптардың маршруты бар. Біз оны зерттейміз отбасылық жұпты. Зерттегеннен кейін емін беріп, операцияның бәрі сол бір жылға созылады. Операциядан кейін 3-6 ай ішінде бедеу жұп бала болмаса, онда олар уақыт жоғалтпай эко-ға баруы керек.