Үржар ауданында гемодиализ орталығы ашылды
Бұған дейін бүйрегі ауыратындар ем қабылдау үшін аптасына үш рет облыс орталығына қатынайтын.
Тіпті қиындыққа шыдамай, қалаға көшіп кеткендер де бар. Енді тұрғындар аудандық ауруханадағы орталыққа келе алады. Мұнда заманауи құрылғылармен жабдықталған екі аппарат қойылды. Орталық бір мезетте 20 адамды қабылдай алады.
Дастан Әйтімов, Семей қалалық гемодиализ орталығының меңгерушісі:
- Науқастарымыз кеп жатыр жан жақтан. Таскескен, Алакөл, жаңағы Жарбұлақ, Үржар, Мақаншы, Елтай аудандарынан. Алматыда болған, Семейде жүрген науқастарымыздың бәрі жергілікті, тұрғылықты жеріне келіп жатыр. Күнделікті графиктері аптасына үш рет диализ алады. Төрт сағаттан. Науқастарға өте қиын. Өйткені диализден шыққаннан кейін демалатын орны болса, өз үйлеріне барып, демалып, жол жүрмейтіндей, көп көмек.