ШҚО-да онкологиялық орталық жанынан пансионат ашылады
Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық орталық жанынан пансионат ашылады.
Онда шалғай ауылдардан келіп бірнеше күн медициналық процедурадан өтетін науқастар тегін тұрады. Қазір ыңғайлы ғимарат табылған. Енді жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай нысанның қажеттілігі уақыт талабы, дейді мамандар. Былтыр онкологиялық орталыққа ауыл-аймақтан екі мыңға жуық тұрғын келіп қаралған. Кейбірі бар-жоғы 3 минуттық ем-шара қабылдау үшін мыңдаған шақырым жол жүреді. Қазір облыстағы онкологиялық орталықта 14 мың адам тіркеуде тұр.
Валерий Зарипов, Алтай қаласының тұрғыны:
- Әрине ондай жер ашылса жақсы ғой. Қайда тұрам деп алаңдамаймыз. Асықпай келіп ем-шараны қабылдауға болады. Әйтпесе мен бір бөлмелі пәтерді 65 мың теңгеге жалдап жүрмін.
Анна Кухарева, облыстық көп салалы онкологиялық орталық директорының орынбасары:
- Пансионат осы орталық жанынан ашылады. Яғни емделушілер ары-бері автобуспен қатынап сабылмайды. Мына жерде барлығы тиіп тұр.