Елімізде өкпе обырын болдырмау үшін рентген орнына өзге әдіс қолданылады

Елімізде өкпе рагының алдын алу үшін төмен дозалы компьютерлік томография қолданыла бастады.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл рентгенмен салыстырғанда қауіпсіз. Бұл туралы Өскеменге барған еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаппай жүргізілген скринингтің нәтижесі көңіл көншітпейді. Сондықтан мамандардың біліктілігін арттыру маңызды. Шалғай ауыл тұрғындарының скрининг нәтижесін облыстық онкологиялық орталық дәрігерлері жіті зерттейтін болады. Салалық мамандар ауылдағы науқаспен тікелей тілдеседі. Бұдан бөлек облыстағы білікті дәрігерлер тоқсан сайын ауыл-аймақты аралап шығады. Осылайша ондағы әріптестермен тәжірибе бөліседі. Былтыр елімізде 39 мың адамнан қатерлі ісік анықталды.

Диляра Қайдарова, қазақ онкология және радиология ғылыми - зерттеу институтының директоры:

- Фельдшерлер тәжірибеден өтіп жүр, бірақ олар әр үш ай сайын ауысып кетеді. Орнына әрине тағы да жас маман келеді. Оның сол жердегі медициналық техникадан хабары жоқ болуы немесе жетік білмеуі мүмкін. Сондықтан біздің онкологтар осы олқылықтың орнын толтыру керек.