Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Су тасқыны болған өңірлердің тұрғындары бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеуі қажет.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елдің 9 аймағында алынған сынамалардың біршама бөлігі санитарлық талапқа сай емес. Лас суды тұтынған азаматтар жұқпалы ауруға тап болуы мүмкін. Сондықтан олар бөтелкеге құйылған немесе қайнатылған тіршілік нәрін тек ішуі қажет, – дейді мамандар. Қазір аймақтардағы Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген режимге көшті.
Марат Байтүгелов, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:
- Бүгінге дейін қызмет мамандарымен 4000 астам су сынамалары зерттеуге алынды. Оның ішінде гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін 130-ы анықталды. 84-і санитарлық-химиялық көрсеткіші бойынша, 46-сы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейді. Қазіргі таңда 9 өңірде орын алып отыр. Сол жерлерде су көздерінде талапқа сәйкес келмеу анықталып отыр.
Қазір елдегі жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен апат қаупі әлі сейілген жоқ. Бірақ елде эпиджағдай тұрақты. Мамандар тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып отыр.