Бас дәрігер БҚО-ға барды
Батыс Қазақстан облысында су басқан аймақтардан барлығы 13 068 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 19-ы мүмкіндігі шектеулі адамдар болса, 5 мың 472-сі – балалар. Қауіпсіз жерге жеткізілген 719 бала мен 11 жүкті әйел медициналық бақылауға алынған. Түрлі созылмалы аурулары бар 11 науқас стационар немесе санаторий жағдайында емделуге жіберіледі. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысына барған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті. Министр медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалап, пациенттерге сапалы көмек көрсету жалғасатынын жеткізді.