Қатерлі ісікті ерте анықтаудың жолы табылды

Британ ғалымдары қатерлі ісікті ерте анықтаудың жолын тапты.

Ол үшін Оксфорд университетінің мамандары 44 мың адамнан қан алып, арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде обыр ауруына шалдыққан азаматтардың қанында дертке қатысы бар ақуыздар пайда болатыны анықталған.

Зерттеушілердің айтуынша, мұндай ақуыздарды қатерлі ісік диагнозы қойылмай тұрып, шамамен 7 жыл бұрын байқауға болады. Соның арқасында дерттің алдын алуға мүмкіндік туады, - дейді ғалымдар.

Айта өтейін, жыл сайын әлем бойынша 10 миллион адам қатерлі ісіктен көз жұмады.