«ОнкоРенессанс-2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Елде қатерлі ісікке шалдыққандардың 60 процентке жуығы репродуктивті жастағы адамдар.

Бұл 15 пен 49 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Бұл туралы Алматыда өткен «ОнкоРенессанс-2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды. Шараға 20 елден келген мыңға жуық онколог, химиотерапевт, хирург және рентгенолог қатысты. Олар онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова, қатерлі ісіктің «жасарып» бара жатқанын, сондықтан ерте алдын алу өте маңызды екенін атап өтті.

Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Сүт безінің қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры жас қыз-келіншектердің арасында жиі кездеседі.  Кеше біз жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирустары туралы көп айттық.  Ал В және С гепатиті вирустары бауыр обырына әкеледі.  Сондықтан, әрине, жыл сайын арнайы скрингтен өтіп тұру маңызды.